шаблоны WordPress скачать; полезные заметки для автомобилистов на avto-robot.ru. Изучайте WordPress API на wp-docs.ru.

Колледжге қабылдау ережелері 2019 жыл

«Бекітемін» «Павлодар сервис және
тамақтандыру» колледжі» КМҚК
басшысы
__________Г.ШУГАБАЕВА
2019 жылғы «___»__________

«Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына 2018-2019 оқу жылына арналған қабылдау
ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер
1. Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2019-2020 оқу жылына арналған оқуға қабылдаудың қағидаларын ҚР Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабы 11-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына сәйкес белгілейді.
2. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына негізгі орта, жалпы орта, білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
3. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді:
1) І және ІІ топтағы мүгедектер, тума мүгедектер, мүгедек-балалар (техникалық емес мамандықтар үшін және медициналық көрсетілім бойынша) – 1%
2) соғысқа қатысқандар мен соғыс мүгедектеріне кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар – 0,5%
3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауылдық (селолық) жастар санынан азаматтар – 30%
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын, ұлты қазақ тұлғалар – 20%
5) жетім-балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 1%.

2. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

4. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледж басшысы 2019 жылғы 1 маусымнан бастап өз жұмысын бастайтын қабылдау комиссиясын құрды (2019 жылғы 30 мамырдағы № 1-03/160 бұйрық).
Қабылдау комиссиясы тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
5. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК-де оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау:
білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 2019 жылдың 20 маусымынан 5 қыркүйегі аралығында мемлекеттік тапсырыс бойынша келесі біліктіліктер бойынша жүзеге асырылады:

№ Код, мамандық атауы Біліктілік атауы барлығы 9 сынып базасында
барлығы Оның ішінде мемл.тілде Оқу мерзімі
1 0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру 0508012 «Аспаз» 75 25 2 жыл 10 ай

ЖИЫНЫ 75 25

орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша 2019 жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында ақылы негізде келесі біліктіліктер бойынша жүзеге асырылады:
№ Код, мамандық атауы біліктілік атауы Барлығы 9 сынып базасы 11 сынып базасы оқыту мерзімі
барлығы Оның ішінде мемл.тілде
1 0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру 0508063 «Технолог-менеджер» (кондитер) 20 20 2 жыл 10 ай
0508063 «Технолог-менеджер» (аспаз) 20 20 1 жыл 10 ай
ЖИЫНЫ 40

6. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК-ге оқуға түсушілер оқуға қабылдау туралы өтінішіне келесі құжаттарды қоса береді:
1) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) 3х4 көлемдегі 4 сурет;
3) флюросуреті қоса берілген № 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
4) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін)
5) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса) 11 сынып базасында;
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік — шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын — босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға — пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман — оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
7. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі және құжаттардың қабылданғаны туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының қосымшасына сәйкес қабылданған құжаттар тізімі мен құжат қабылдаушы қызметкердің аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) қызметі, телефоны көрсетілген қолхат беріледі.
8. Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау таңдалған мамандығы бойынша оқыту үшін қарсы көрсетілімдерінің болмауы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып, заңды өкілдердің біреуінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
9. Білікті кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.
Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:
1) жалпы білімі бар оқуға түсушілер үшін – түсу емтиханы – математика.
2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән).
Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК басшысы (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтерде орналастырып, оқуға түсушілерге хабарлайды.
Кешенді тестілеу туралы куәлікті немесе ҰБТ қорытындысы туралы куәлікті берген адамдар кіру емтихандарынан босатылады (күндізгі оқу нысанына ақылы негізде).
10. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 2019 жылдың 1 тамызы мен 28 тамызы аралығында; білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша әңгімелесу 2019 жылдың 1 тамызы мен 31 тамызы аралығында (құжаттар 5 қыркүйекке дейін қабылданады) өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
- тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; тестілеуге екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады.;
- пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша:
«3» — 8 балл,
«4» — 17 балл,
«5» — 25 балға алмастырады.
11. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК-ге түсу емтихандары (әңгімелесу) түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
12. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
13.«Павлодар сервис және тамақтандыру коледжі» КМҚК-да бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандары нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылды.
Апелляциялық комиссия құрамы тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
14. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспейтін тұлға апелляцияға шағым береді. Апелляцияға өтініш түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00 ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш берушінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
15. Апелляциялық комиссия шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

16. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК-ға тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
17. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 2019 жылдың 25 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында;
- орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына – 2019 жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында негізгі орта білімі немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, түсу емтихандарының нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде өткізіледі.
18. Колледжге қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.
19. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпарат орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына 2019 жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – 2019 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқуға қабылдаудың тәртібі

20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының қатысушылары Бағдарламаның 5.1.1-тармағына сәйкес азаматтар санаты, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуінен тәуелсіз, «Білім» туралы ҚР Заңының 8-бабы 4-тармағында көрсетілген басқа санаттағы азаматтар болып табылады. Басқа санаттағы азаматтарға:
1) жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даум мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылардың балалары;
4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернатық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
8) мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан щыққан балалар;
9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар жатады;
10) ҚР Заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;
11) ҚР Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.
21. Бағдарламаның қатысушылары білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын ақысыз негізде даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша білім алады.
22. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК-де Бағдарлама бойынша оқуға үміткерлердің өтініштері келесі біліктілік бойынша қабылданады:

№ Код,мамандық атауы Біліктілік атауы барлығы 9 сынып базасында
барлығы Оның ішінде мемл.тілде Оқу мерзімі
1 0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру 0508063 «Технолог -менеджер» 0508012 «Аспаз»
0508022 «Кондитер» 25 25 3 жыл 10 ай
ЖИЫНЫ 25 25
23. Оқу орнына өтініш берген кезде үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) білім туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом);
3) ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына бекіту туралы» Денсаулық сақтау ұйымдарының №086-У бастапқы медициналық құжаттама нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтаманы;
4) әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтаманы (бар болған жағдайда);
5) жолдаманы.
Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттарды үміткердің өзі немесе ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері тапсырады.
24. Топтарды жасақтау жылына 20 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі, жыл ішінде Бағдарлама қағидаларының 6 және 14-тармақтарына сәйкес жабдықталуға рұқсат етіледі.
25. ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарлама қатысушыларын «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК басшысы жүзеге асырады.
26. «Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі» КМҚК Бағдарламаға қатысушыларды:
1) колледждің ішкі тәртібіне сәйкес сабақтан себепсіз қалған;
2) № 125 бұйрыққа сәйкес үлгеріміне ағымдағы бақылаудан, аралық аттестаттаудан қорытынды бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайларда оқудан шығарады.
27. ТжКБ алушы барлық Бағдарлама қатысушыларына:
1) ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және олардың мөлшеріне сәйкес стипендия;
2) ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру,орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекттік білім беру тапсырысы негізінде білм алушылар үшін төлемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жол жұруге өтемақы;
3) ҚР Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес ыстық тамақ беріледі.

Қабылдау комиссиясының
хатшысы Д.Қ.Махметова

Вы можете оставить комментарий, или подписаться на обновления нашего сайта.

Оставить комментарий

Войдите, чтобы комментировать.