Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа тетігі бар 2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) іске қосылды. Жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің немесе баласының атына келешекте Қазақстан мен шетел колледждерінде және ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді. «Қаржы орталығы» АҚ осы жүйенің операторы болып табылады. Бүгінгі таңда жүйе бойынша 16 000-ға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды. Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 14% (ЖТМ – 15,2%)  мөлшерінде сыйақы мен жыл сайын 5% немесе 7% (басымдылықты санаттағылар үшін) мөлшерінде мемлекеттен сыйлықақы есептеледі:

5%,7% мемлекет сыйлықақы

+

15,2% дейін банк сыйақысы

=

Салым бойынша табыстылық 22,2 % дейін

Білім беру жинақтау салымының ерекшелігі:

  • Табыс түрі ретінде мемлекет сыйлықақысына салық төленбейді;
  • Білім беру жинақтау салымдары 10 млн.теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;
  • Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016ж. 6 363 теңге);
  • Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;
  • Мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепіл болуымен банктен білім беру кредитін алуға мүмкіндік бар.

Білім грантын иеленген жағдайдағы салымшының құқықтары:

  • жинақты есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;
  • ақшаны басқа баланың атына аудару;
  • білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру
* Мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысы капиталға айналады және салым бойынша табыстылық 22,2% дейін жетеді. Осының арқасында салымшы білім беру қызметін сатып алу кезінде 40-60% дейін ақшасын үнемдейді.

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін мыналар қажет: 1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау. 2-қадам – Білім беру жинақтау салымын ашу. 3-қадам – Бастапқы жарнаны салу. Құжаттар: – жеке куәлігі; – баланың туу туралы куәлігі және ЖСН. Кеңес алу үшін “Қаржы орталығы” АҚ-ға хабарласыңыздар: Тегін жедел желі: 8 800 080 28 28. Тел.: 8 7172 695 044, 695 045, 695 047 Мекенжайы: Астанақ., Тәуелсіздік даңғ., 8

Облыстардың әкімдіктеріне

 

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамытуға

ақпараттық жәрдем көрсетуді қамтамасыз етуге қатысты

 

Қазақстан Республикасы Білім жән ғылым министрлігі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіби жетістіктер тілейді.

2013 жылы қаңтар айында Елбасының бастамасымен халыққа білім алуда қаржылай қолдау көрсетудің жаңа тетігін көздейтін «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғандығы белгілі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 281 қаулысымен Қоғам Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) саласындағы оператор болып айқындалды.

МБЖЖ бағдарламасы жүйеге қатысушы банктерде мемлекеттен сыйлықақы есептелетін және болашақта Қазақстанның және шетел колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсалатын білім беру депозиттерін ашу арқылы азаматтарды жеке қаражатын жинақтауға ынталандыру үшін бағытталған.

Қазақстан тұрғындары арасында ақпараттандыру іс-шараларының көптеп өткізіліп жүргеніне қарамастан халық арасында өткізілген әлеуметтік сауалнама Қазақстан тұрғындарының МБЖЖ туралы хабардарлығы жеткіліксіз деңгейде екендігін көрсетті.

Халықтың МБЖЖ туралы хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында Қоғам өз өңірлеріңізде ақпараттық қолдау көрсетуге, оның ішінде төмендегідей іс-шараларды өткізуге барынша жәрдемдесудің мүмкіндіктерін қарастыруды сұрайды:

- балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарын және мектеп оқушыларының ата-аналарын Қазақстанда МБЖЖ бағдарламасының жұмыс жасайтындығы туралы ақпараттандыру (ақпарат қоса беріледі);

- қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдардағы балабақшалардың, мектептердің стендтерінде ақпарат орналастыру (ақпарат қоса беріледі);

- қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдардағы перзентханалардың стендтерінде ақпарат орналастыру (ақпарат қоса беріледі).

Осылайша, жергілікті атқарушы органдарының белсенді қатысуы Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда елеулі көмек болатындығына сенімдіміз.

Қосымша 2 парақта.

 

 

Вице-министр    Б.Асылова